Қазақстанда 23 миллион теңгеге әжетхана салынады
Қазақстанда тасжолдардың бойында әжетхана салу үшін 23 миллион теңгеге жұмсалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2022 жылға қарай тасжолдар бойында 304 нысан салу жоспарланған.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.
– Жаңа үлгідегі әжетханаларда су ағызудың вакуумдық жүйесі бар, күн сәулесінен қуат алу қондырғысы және басқа да «жасыл» технологиялар бар. Сондай-ақ, бұл әжетханаларда тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады, – деп мәлімдеді компания.
Айта кетейік, қарашада Президент Қасым-Жомарт жол бойындағы дәретханалардың қорқынышты жағдайына наразы болған еді.
Оқи отырыңыз