KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

ШҚО-да «Шығыс - адалдық алаңы» жобасының қорытындысы шығарылды

28.11.2019, 07:09 259

ШҚО-да  «Шығыс - адалдық алаңы» жобасының осы жылдың 10 айындағы жұмысы бойынша қорытынды шығарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Шығыс-адалдық алаңы" жобасының кураторы, ШҚО әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобаның жарғысына 2018 жылдың желтоқсан айында аймақ басшысы Даниал Ахметов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Шығыс-адалдық алаңы" қол қойған болатын.

Он ай ішінде облыс көлемінде осы жоба бойынша 52 open space және кеңселер ашылды, 58 мектеп директоры көшірілді, 12 мемлекеттік орган басшысы бірінші қабатқа көшірілді, 80 «адалдық дүкені» ашылып отыр. Сондай-ақ, 154 адам өтініш білдіріі, оның ішінде 122 адамның мәселесі шешілген. Тағы 32 өтініш бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу