Бүгін – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні
Бүгін, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда аталыл өтеді. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды.
Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.
Айта кетейік, ШҚО-да «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда.
– Он ай ішінде облыс көлемінде осы жоба бойынша 52 open space және кеңселер ашылды, 58 мектеп директоры көшірілді, 12 мемлекеттік орган басшысы бірінші қабатқа көшірілді, 80 «адалдық дүкені» ашылып отыр. Сондай-ақ, 154 адам өтініш білдіріі, оның ішінде 122 адамның мәселесі шешілген. Тағы 32 өтініш бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, – деген болатын осы жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша өткен жиында жобаның кураторы, ШҚО әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев.
Айта кетейік, биыл ШҚО-да бірнеше мекеме мен бөлім басшысы пара алғаны, қаржы жымқырғаны туралы күдікке ілінді.