KZ
Өскемен
-11°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

ШҚО-да «Алтай жұлдызы-2019» турнирі

27.11.2019, 05:04 137

Өскемендегі су спорты мектебінде дүбірлі жарыстарды өткізу дәстүрге айналған. Оның нақты бір дәлелі – жақында ғана аяқталған республикалық «Алтай жұлдызы-2019» турнирі. Дүбірлі жарыс осымен екінші рет ұйымдастырылды.

Өскемендегі бассейн орталығында өткен додада былтырғыдай шығысқазақстандық спортшылар ерекше көзге түсті. Атап айтқанда, жерлестеріміздің арасынан Иван Головня 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде, Анна Блинова 800 метрлік еркін жүзуде чемпион атанса, Әлихан Байшалов, Айым Сәкенова, Иван Головня мен Анна Блинова күміс және қола медальдарға ие болды.

– Су спорты мектебінің шәкірттері биылдың өзінде жүзге тарта жарысқа қатысып, олжалы оралды. Алдағы уақытта да олар намысты қолдан бермейді деп сенеміз, – дейді мектеп директоры Мерхат Болатқанұлы.

Еске салайық, екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жасы 15-ке дейінгі 150-ге жуық спортшы бақ сынаған-ды.

Турнирдің бас төрешісі Артур Рейманның айтуынша, Шығыс Қазақстанда былтырға дейін суда жүзуден республикалық бәсекелер өтіп көрмепті, Өскемендегі алып бассейн орталығында ұйымдастырылған жарыстардың ең ірісі облыстық деңгейді ғана қамтыған екен. Ал 2018 жылдың қарашасында жалауын желбіреткен тұңғыш «Алтай жұлдызына» ұзын саны 200-ден астам жас спортшы қатысқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу