Өскемендегі 4 мыңға жуық "Сергектің" 2800-і қосылып тұр
Бүгінде облыс орталығының 74 көше қиылысындағы, сондай-ақ 85 жолдың бойындағы тәртіпті «Сергек» камералары қалт жібермей бақылап тұр.
Облыстық әкімдіктен ұсынылған ақпарат парақшасында хабарланғандай, дәл қазір Өскемен қаласының аумағында төрт мыңға жуық «Сергек» камерасы орнатылған. Оның 2 800-і іске қосылған. Бүгінге дейін аталған камералардың көмегімен 17 мыңға жуық заңбұзушылық анықталыпты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Сергек» камералары Шығыс Қазақстан облысының орталығынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты еліміздің бірнеше қаласында ғана жұмыс істеп тұр. Ал Өскемендегі заңбұзушылықтарды анықтап, айыппұл салу міндеті осыдан біраз бұрын құрылған ситуациялық орталық мамандарына сеніп тапсырылған-ды.