KZ
Өскемен
+3°
плотный туман жел 2 м/с, ОШ
521.53 601.01 6.43

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті  

23.11.2019, 05:27 176

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының бойында, Көкпекті ауданының маңында болған.

«ҚазАвтоЖолдың» ақпаратына сәйкес, «Lada Granta» көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп, жол бойында тоқтап тұрған «КамАЗ»-ға соғылған. 

Салдарынан жеңіл көліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмса, оның жүргізушісі ауруханада жан тапсырды. Машинада болған тағы үш жолаушы Көкпекті аудандық орталық ауруханасында жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу