30 жыл темекі тартқан адамның өкпесі
Қытай елінің хирургтері 30 жыл темекі тартқан адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Қазіргі уақытта 25 миллионнан астам адам қарап үлгерген екен.
Желі қолданушыларының бірі видеороликті «темекіге қарсы ең үздік жарнама» деп атады.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл өкпе 52 жасында қайтыс болған адамдікі. Науқас көз жұмар алдында өз ішкі ағзаларын өзгелерге салуға келісім беріп кеткен көрінеді.
«Сіздің әлі де темекі шегуге батылыңыз бара ма?» деп жазды доктор Чен Цзинюй.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемеге өтіңіз:
https://twitter.com/saga63048934/status/1195178919906828288