KZ
Өскемен
-22°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Ертең Өскеменде «Қазбат» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді

19.11.2019, 04:58 213

Ертең Өскеменде «Қазбат» көркем фильмінің тұсаукесер өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген. Нақтырақ айтсақ, ҚР әскери қызметкерлерінің 1995 жылдың көктемінде тәжік-ауған шекарасында бастарынан кешкен оқиғалары туралы. 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауына түсіп қалады. Жаудың күші басым болған ұрыста 17 әскери қызметкер оққа ұшып, 33-і жараланған болатын.      Тәжікстандағы заңсыз оппозицияның содырлары бір сағат ішінде Тәжікстан аумағына өтіп кетуді жоспарлаған. Алайда қарсы шабуыл күшті болып, төрт сағаттық қарулы қақтығыстан кейін кері шегінуге мәжбүр болады.   

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 17 сарбаздың бесеуіне ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, он екісіне «Жауынгерлік ерлігі үшін»  медалі және Ресейдің «За отличие в службе» медалі берілген.  Алайда, қаза тапқан соң. 

Осы оқиғаға байланысты, қазақ жауынгерлеріне Душанбе қаласында  монумент тұрғызылған. Нұр-Сұлтан қаласында «Отан-Ана» монументі қасынан Ішкі әскердің 17 сарбазына арналған аллея ашылып, ескерткіш бағана орнатылған.

Енді міне олардың ерлігі көрерменге жол тартпақ. Фильмнің идеясын ұсынған – ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылыков, режиссер – Асқар Ұзабаев, фильмнің қоюшы бас операторы –  Максим Задарновский.

Фильмде Дәурен Серғазин және Ринат Дошибеков, Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы өнер көрсетеді.

Көрсетілім сағат 19:00-де  «Юбилейный» кинотеатрында өтеді.

Көркем фильм 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай  «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу