Өскемен әкімі тұрғындармен жеке-жеке әңгімелеседі
21 қарашада Жақсылық Омар қала тұрғындарын жеке-жеке әңгімелеседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шаһар басшысы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы аясында халықпен кездеспек. Қала тұрғындары әкімнің қабылдауына жазылып, жеке мәселелерін талқылай алады.
– 21 қараша күні сағат 10.00-ден 18.30-ға дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаймын, – деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram-да.
Қабылдауға жазылу 13-16 қараша аралығында 26-85-68, 57-78-36 телефондары бойынша, сондай-ақ әкімнің Instagram-дағы аккаунты арқылы жүргізіледі.
Оқи отырыңыз