KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Марқакөлдің жағасына жаңа мектеп салынатын болды

12.11.2019, 08:22 142

Күршім ауданының Ұранхай ауылындағы мектеп осыдан бес жыл бұрын апаттық жағдайда деп танылған болатын. Соған қарамастан аталған білім ошағында биыл 78 бала оқып жатыр. Бұл туралы "Өзекті" ақпараттық порталы жазады.

Ұранхай ауылының аумағы Марқакөл мемлекеттік орман қорығының құрамына енетіндіктен апатты ғимараттың орнына жаңасын салу қиындық туғызған еді. Енді бұл мәселенің күрмеуі шешілген сияқты. Орман иеленушісі – Марқакөл орман шаруашылығы.

— Ел Үкіметінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысымен жалпы алаңы 59,6 гектар жер учаскесі мемлекеттік орман қоры құрамынан шығарылып, елді мекендерге қатысты жер санатына ауыстырылды. Бұл жерде енді 2020-2021 жылдары жергілікті бюджет есебінен 80 орындық мектеп салу жоспарлануда. Күршім ауданының атқарушы органдарымен мектептің типтік жобасы талқыланып жатыр, – дейді ШҚО жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Оксана Фирсова.

Иә, қорыққа қарасты жерлердің мәртебесі жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кедергі келтіретіні жасырын емес. Жер қатынастары басқармасының ақпараты бойынша, Теректі-Ұранхай-Төсқайын көлік жолын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге қатысты мәселенің түйіні де осы тәртіппен шешілген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив