"Абай және 21-ғасыр". Жаңа жылда оқу орындарына элективті курс енгізіледі
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2020 жылы мектептердің 5-8 сыныптарына және университет, колледждің 1-4 курстарына элективті курс енгізіледі, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Мұны кеңейтілген аппарат кеңесінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты.
Облыстағы 277 мектеп пен 2 педогогикалық колледжде «Абайтану» кабинеті жасақталады. Кабинеттерге Абай Құнанбайұлының кітаптары, дидактикалық материалдар және бейнетаспалар қойылады.
Сондай-ақ «Абайтану» пәнін жүргізу үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 280 мұғалімі арнайы курстан өтеді.
Келесі жылы, 1 қыркүйектен бастап элективті курс 5-8 сыныптарға басталады. Барлығы 76 150 бала.
Ал 1-4 курс студенттері (6 000 студент) жаңа жылдан бастап «Абай және 21-ғасыр» пәнін оқиды.