KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 8 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

8.11.2019, 10:51 217

Өскеменде Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай  «Мәңгілік ана бейнесі» атты еске алу кеші өтті, хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Биыл қазақ КСР-нің Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл. Өнер жолын Шымкент театрынан бастаған сахна саңлағы жарты ғасырдан астам ғұмырын кино мен театрға арнады. Өзінің шығармашылық жолында 150-ден аса рөлді сомдап, 20-дан астам киноға түскен.

«Ұлы тұлғалар» топтамасы аясында Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Осыған байланысты талантты актрисаны бүгін Шығыс жұртшылығы еске алуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында Шығыс Қазақстан Өнер музейі аты аңызға айналған актрисаның мерейтойына арнап еске алу кешін ұйымдастырды.

-        Бүгінгі шараның басты мақсаты, Әмина Өмірзақованың шығармашылығын жас буынға дәріптеу. Апамыздың өнерін ғана емес, оның өмірлік жолы жайлы айту, - дейді музей қызметкері Сыйлық Кәшей.

Музей сөрелеріне Әмина Өмірзақованың шығармашылығына арналған кітаптар мен журналдар қойылып, қабырғаларға суреттері ілініпті. 

Әминаның шығармашылығын құрметтейтін көрермен үшін әннен шашу шашылып, «Шабыт» студенттер театры мен С.Аманжолов атындағы «Журналистика» факультетінің студенттері қойылым әзірлепті. Қай жанрда болмасын қамшы салдырмайтын актрисаның ана бейнесіндегі рөлдері көпшілік есінде.

-        Бүгін «Шабыт» студенттер театры «Тақиялы періште» фильмінен үзінді қойдық. Әмина апамыз сомдаған рөлді орындау әрине, мен үшін оңай болған жоқ. Себебі ол кісінің  күлкісінің өзі бір бөлек әңгіме. Бір айға жуық уақыт дайындалдым. Кішкене кезімізден көріп өскен соң, ол кісіні өзіме үлгі тұтамын, - дейді студент Шапағат Шәріпбек.

 

Кеш соңында артистің қатысуымен түсірілген фильмдерден үзінділер көрсетіліп, естеліктер айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив