Жол бойына полиция көліктерінің муляждары қайтадан қойыла бастады – ШҚО
ШҚО жолдарында полиция көліктерінің муляждары қайта қойыла бастады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қызметкерінің айтуынша, муляж алыстан қарағанда шынайы көліктен аумайды. Бұл қауіпті тұстарда жүргізушінің жылдамдықты азайтуы үшін қойылған.
Сондай-ақ жол бойына жүргізушілерді ереже сақтауға шақыратын сөз тіркестері жазылған билбордтар ілінген.
Департамент мәліметінше, облыста жыл басынан бері 760 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның 238-і жылдамдықты арттыру себебін болғаны анықталған.