KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Аягөзді таза қалаға айналдыруымыз керек

7.12.2020, 17:05 242

Ауданымызда сан салалы бағытта жұмыстар ұйымдас-тырылып, атқарылуы назарда ұсталғанымен тазалық мәселесіне келгенде шаруа шатқаяақтайтыны жасырын емес. Оған басты себеп - өзіміздің немқұрайлық пен жауапсыздығымыз.

Редакция тапсырмасы бойынша мәселенің мәнісімен жақынырақ танысу үшін қаланың бірнеше көшесін аралап тазалығына көз салдық. Көрнісі көңіл көншітпейтіні сол, әр жерде бос бөтелкелер, бұзылған қауын, қарбыз, қағаз қалдықтары мен балалардың «памперс» аталатын жөргектері бірден «мен мұндалап» көзге шалынады. Қаңғыбас иттер де көп қабатты үйлер жанындағы қоқыс жәшіктерінен тісіне тигендерін әр жаққа тасып әлек. «Көре-көре көсем боласың», - демекші, келесі тоқтаған орынымыз «Айғыз» базарының шығыс қапталы болды.

Айналамыз күн санап дамып келе жатқан орта. Сондай ортада адамдар қатарынан қалмай істерін ілгерілеткеніне, тұрмыстарының жақсарғанына тәнті көңілде. Әйтседе, өкініштісі сол орта тазалығын сақтамай, одан сырт қалуларымен істерін ілгерілеткен дамудың реңін саналы түрде қашыруда. Бұл көрініс атбасын шалдырған жабайы жайма базар орнына да тән болды. Себебі, қаладағы Аягөз қаласының әкімшілігіне қарасты «Айғыз» базары сыртындағы жол бойында «саудаларын» жүргізушілердің әр қайсынан сауда орындары үшін Аягөз қалалық әкімшілігі төлем алмайтынындықтан орта тазалығын сақтау қажеттігін өздері-ақ түйсініп, түсінгендері жөн еді. Қала басшылығы оларға жеңілдік жасауларын: кеселді коронавирус адамдарды иіріміне тартқан шақта «Бәріміз біргеміз!» ниетте әлеуметтік қолдау білдірулерін оларда сезініп, тазалық сақтауларымен парасаттылық танытар деп сенім артқанды.

Алайда, тұтынушыларына қызмет көрсетуші сол саудагерлер тазалыққа 250 теңге ақысын төлегендіктерімен «әкімшілік тазалық жасауға міндетті» деген кереғар түсініктерінде қалып, тәулік соңында суреттегі көрністердей қоршаған ортаның экологиясына айтарлықтай нұқсан келтіруде.

Ия, аталған орынға Айдын Қасымов басқаратын «Аягөз тәртіп» ЖШС-гі тазалық жүргізгендері үшін төлем алып қызмет көрсетуге міндеттенгендері де рас. Осыдан кейін бұған кінәлі кім? деген сауалға екі тарап та өз уәждерін айтары сөзсіз. Біздіңше пайданы көздеп тазалыққа мән бермеген алғашқыларының жауабы: «моя хата с краю, ничего не знаю» деген ұғымда аты жаман ауру бүгінде кең таралып адамдар денсаулықтарына алаңдағанда көпшіліктің мүддесімен санаспаған парықсыздықтары кінәлі.

Ал «Аягөз тәртіп» ЖШС-гі тазалық мекемесінің әрекеті «Сен салар да, мен салар, Атқа жемді кім салар?» керімен жауапсыздықтарын танытқандықтарына суреттегі көрністер дәлел-ау. Сонымен бірге серіктестік басшысынан бастап міндеттерін теңгенің төлемімен «таразылауларын» дұрыс санап, нақты істе немқұрайлыққа жол бергендері анық.

Енді кемшіліктерге жол бергендердің әрекеттерін саралар болсақ, «жабайы сауда» жасаушылардың дені, яғни құжатпен «кәсіпкер» ретінде тіркелмегендердің тазалық сақтамауларына байланысты қала әкімшілігі, ішкі істер органы тексерістерімен шара қолданса істеріне заңсыз араласу болып табылмас та еді. Себебі, Президент Жолдауында «Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгендері жөн», - дегенге олардың сүйенбейтіндері анық.

Ал екіншілері қатарындағы «Аягөз тәртіп» ЖШС-гі» /А.Қасымов/ қызметіне бәсекелес болатындай қаламызда құрылым да жоқ. Егер қаламызда тазалық жүргізу ауқымын түрлендіре жүргізумен бәсекелестік туғызатындай алда тағы бірнеше мекеме құрылған болса, Президент тапсырмасына сәйкес өзіне тікелей бағынатын «Бәсекелестікті қорғайтын және дамытатын» тәуелсіз жаңадан құрылатын агенттіктің жергілікті жердегі мемлекеттік мекемесі тарапынан мүдделері қорғауға алынары сөзсіз.

Рас, осыған дейін қаламызда тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысқан жекелеген екі тазалық мекемесіне тұрғындар келісім шарт бойынша қоқыстарын шығарту үшін айлық төлемдерін уақытылы төлемеулері салдарынан банкрот болып, соңы дауға ұласқан еді.

Мақаламызда қозғалған тазалық мәселесіне орай, бұрындар қаламыздың ішкі шаруашылық жұмыстарын атқарып келген «Коммуналды шаруашылық мекемесі» жоғарғы жақтың пәрменімен оңтайластырылып, құрылтайшысы Аягөз ауданы әкімшілігі болып табылатын қала әкімшілігі қарамағындағы «Аягөз су» мекемесіне біріктірілгенді.

Ал қызмет көрсету шегінде: бұрындар біріншісі атқарып келген көлемді жұмыстарды бүгінде екіншісіне міндеттелуі - экономикалық және еңбек өнімділігі жағынан айтарлықтай нәтижесін бермеуі, жұмсалған қаражаттың ақталмайтындығын уақыттың өзі дәлелдеуде.

Демек, Аягөз қаласында қазіргі күндері тоқыраған коммуналдық қызметті жандандыру мақсатында бұрынғы «Коммуналды шаруа-шылық мекемесі» қайта құрылса, күнделікті шаруашылықтық жұмыстарда түйінделген проблемалардың түйінін біршама тарқатуға жол ашылар еді.

Қаламыздың санитарлық жағдайымен жақынырақ танысу мақсатында Аягөз қаласы әкімінің орынбасары Е.Түсіповты сөзге тарқанымызда:

- Жайшылықта «Тазалық - денсаулық кепілі» дегенді екпіндей айтып көңіл жұбататынымыз да анық. Сол екпінді мәтелді еске түсіруімізбен тазалық жайынан сөз қозғағанда әлгінде өзіңіз айтқан «жабайы» базар жағдайындағы көріністер мен күнделікті шешуді қажет ететін түйткілдер қатарында төмендегі мән-жайларға тоқталғаным жөн-ау.

Қаладағы 12533 отбасының күл-қоқыстарын шығару үшін тазалық мекемесімен олардың небәрі 3366 отбасы немесе 40 000-ға жуық тұрғынның 22 пайызы ғана келісім шарт жасаса, қалған 78 пайызы сырт қалған. Мұның ішінде өз техникасымен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына апарып ақысын төлеп төгетіндер 1 пайызды құраса, қалған 77 пайызы көше бойына шығарып тастайтындар мен жеке меншік көлік иелеріне азын-аулақ ақшасын төлеп қала сыртына шығарып тастап орта экологиясын бұзатындар жатады.

Расында, сауда орындарының сөресінде самсап тұрған тағамдар полиэтилен пакетке салынса сүт, сұйық май, сусындар бәрі-бәрі түрлі қорапқа немесе шыны ыдысқа, қала берді «баклажкаға» құйылған. Осылайша бұрындарғы ана, әжелеріміздің «өміршең қолдорбасын» жаңашылдық мүліктері алмастырды. Алмастырылғанның ішіндегісін пайдаланылғаннан соң, ол орта тазалығын ластайтын тұрмыстық қалдықтартарға айналып тіршіліктің жансыз зиянкесіне айналуда.

Қаланың «Ет комбинаты», «3 км» аталатын мөлтек аудандардың шет жағына, «Алматы-Өскемен» айналма жолының, «Жаңа ауыл» зиратымен іргелес «Кіші Аягөз» өзенінің бойына, Ларшин мен Шакенов көшелерінен ары қарай сай-сайға төгілген қалдықтарды көргенде қала тұрғындарының шынында тазалыққа

немқұрайлы қарайтындықтарына көзіміз жетті. Нұралинов, Тәңірбергенов, Сейфуллин, Дүйсенов, Би Боранбай, Гагарин, Шәкәрім, Бөгенбай батыр көшелері мен Ет комбинаты мөлтекауданы тұрғындары үйлерінен шыққан қоқыстарын ауласынан сырт көшеге, одан қалса жол бойына апарып тастап жауап беруден бас тартып миығынан күліп жүре беруді әдетке айналдырған. Бұл ойдан шығарылған сөз емес.

Жалпы оқырмандарымыздың Аягөз қаласы бойынша осы жылдың маусым, шілде, тамыз айларында жүргізілген «Тазалық» рейд бойынша 148 хаттама толтырылып 1 млн. 278060 теңге айыпұл салынғанын біліп сабақ алғандары да жөн-ау.

Сонымен бірге қала тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған «Аягөз тәртіп» ЖШС-гі аталатын тазалық мекемесі жұмыс іздеушілерге 70-80 мың теңге айлық төлейтіндіктерімен жұмысқа шақырсада оған ынталық танытушылар жоқ.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу