KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, СБ
495.28 518.41 5.44

Семейде алғаш рет «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» қайырымдылық марафоны өтті

28.10.2019, 11:20 190

Семейде алғаш рет «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» атты қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шара «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысымен, Семей жастар Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілді. Спорттық шараға 200-ден астам қала тұрғындары қатысты. Олардың ішінде мектеп оқушылары студенттер, жергілікті кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлері бар. Бұқаралық жүгірістің негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету.
Марафон Абай ескерткіші алаңынан бастау алып, қатысушылар 10 км қашықтықта жүгіріп өтті. Жеңімпаздар арнайы диплом, кубоктармен марапатталды.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу