KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

«Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» автожолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылады

19.12.2025, 09:00 83 Базарова Айгүл

«ОблШығысЖол» ЖШС-нің мәліметінше, қар көшкінінің алдын алу мақсатында 19 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» автожолының 30–37 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр. Қозғалыс жолдың қауіпті учаскесінде профилактикалық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.

Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу