KZ
Өскемен
-7°
снег жел 2 м/с, В
519.28 540.05 5.31

Жала жабу бойынша қылмыстық жауапкершілікті алып тастауы мүмкін

24.10.2019, 09:49 256

Қазақстанда жала жабу бойынша қылмыстық жауапкершілікті алып тастауы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланып отыр.

Кездесу барысында айтылған мәселелердің бірі – азаматтардың құқығын қорғау мен сәйкес заңнаманы жетілдіру.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселелерді белгілі адвокат Айман Омаровамен талқылады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабын (жала жабу) қылмыс деп танымауды және 174-бабына (алауыздықты қоздыру) өзгерту енгізуді ұсынды.

Мемлекет басшысы ұсыныстардың маңыздылығына мән беріп, шетелдегі тәжірибені қолдану қажеттілігін алға тартты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев саясаткер Данияр Әшімбаевпен кездесіп, БЗЖҚ қызметін және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауға алу бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Одан бөлек, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен көші-қон заңнамасын жетілдіру мәселесі талқыланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу