ШҚО-да жүздеген адам жолда қалды (видео)
ШҚО-да жүзедеген адам көктайғақтың салдарынан жолда қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кеше ШҚО-ның тас жолдарында жүздеген адам жолда қалды. 20 қазан күні обылс аумағында қалың жаңбырдың соңы қарға ұласып, бұрқасын соқты. Түнгі уақытта ауа температурасы күрт суытқан болатын. Салдарынан жолдарды көктайғақ басты. Кей жерлерде жауған қардың биіктігі 10 сантиметрге дейін жеткен екен.
Ауа райының мұндай оқыс мінезіне жүргізушілер дайын емес еді. Адамдардың көбі жазғы дөңгелектерді ауыстырып үлгермеген.
Айта кетсек, 17-21 қазан аралығында ШҚО-да төрт бағыттағы тас жолдарда ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын: Аягөз, Алтай, Риддер, Самар.