KZ
Өскемен
-17°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
510.18 601.91 6.51

"Алтын" BMW мінген адам көшеде жүре алмайды

22.10.2019, 04:29 347

Германияда тәртіп сақшылары тұрғындардың алтын түсті BMW-мен жүруіне тыйым салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Неміс полицейлерінің айтуынша, алтын түсті автокөлік көзге шағылысып, жол қозғалысына кедергі келтіреді. Осы себепті олар Дюссельдорфа көшесімен айнадай жарқырап, зулап бара жатқан «алтын» BMW X5-ті тоқтатқан. Көлік иесі ешқандай тәртіп бұзбағанын айтып ақтала бастаған. Алайда тәртіп сақшылары екі сөзге келместен эвакуатор шақырып, «алтын автокөлікті» айыптұрағына жөнелтті.

Ал Германия көлік сәндеу қауымдастығының бас директоры Гарольд Шмит T-online.de басылымына берген сұхбатында алтын түсті жапсырманың құны жақсы деген сервистерде 2500-3000 еуро тұратынын айта келе, мұндай көліктердің жалпықолданыстағы жолдарда жүруі қаншалықты заңды екенін мамандар шешуі керектігін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу