Семейде фотобайқау өтеді
Семейде «Сүйікті қала, туған Семей» атты фотоконкурс өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Байқаудың өтуіне «Семей қаласының денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ туризмді дамыту секторы мұрындық болған.
Фотоконкурс алты бағыт бойынша өтеді. Олар:
"Менің қалам". Қазіргі қала келбетін көрсететін жұмыстар қабылданады. Көшелер, скверлер, үйлер.
"Ностальгия". Қаланың тарихи өткенін көрсететін жұмыстар қабылданады. Ескі Семей, тарихи оқиғалар және т. б. фотосуреттер.
"Жастар – уақыт айнасы";
"Қала табиғаты";
"Жас фотограф". Бұл номинацияға 18 жастан асқан қала жастары қатысады
"Күтпеген ракурс". Әзіл-сықақ суреттер, күлкілі жағдайлар және т. б.
Байқау жұмыстары 5-ші қарашаға дейін қабылданады.