Бүгін халықаралық бас аспаздар күні
Жыл сайын 20 қазан күні бүкіл әлем аспаздары өздерінің кәсіптік мерекесін тойлайды, деп хабарлайды Алтаньюс тілшісі.
Бұл арнайы мейрам ретінде 2004 жылы Бүкіләлемдік аспаздар қоғамдары ассоциациясы ықпалымен бекітілген болатын. Айта кетейік, бұл ұйым құрамында дүние жүзі бойынша аспаздық өнерін шебер меңгерген 8 миллион маман бар. Халықаралық аспаздар күнін (International Chefs Day) тойлау кең етек жайып, қазіргі таңда 70 елде тұрақты түрде атап өтіледі.
Аспаз кәсібі — әлемде ең көне және сұранысқа ие мамандық. Көне болатын себебі, бұл өнердің пайда болуы туралы грек аңыздарының өзінде кездеседі. Олардың сенімі бойынша дәрігерлік құдайы Асклепияның қызы болған. Денсаулық сақтаушы атанған Гигея есімінен «гигиена» сөзі шықса, оның көмекшісі қызметін атқарған аспаз Кулина есімінен қазіргі аспаздықың жалпы атауы саналатын «кулинария» сөзі шыққан екен. Ал, алғаш қағазға түсірілген рецептер Вавилонда, Ежелгі Мысыр мен Ежелгі Қытайда және шығыс елдерінде пaйда болған. Олардың кейбірі біздің заманымызға дейін жеткен екен.
Біз де адамға ауқат сыйлайтын «дәмді» кәсіп иелерін атаулы мерекелерімен құттықтаймыз!