Жылқыларға жарық шағылыстыратын мойынжіп тағып жатыр – Абай ауданы
Абай ауданында төрт түліктің мойынына жарық шағылыстыратын мойынжіп тағылып жатыр. Негізінен, жылқы мен сиырға, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл ауданда көліктердің малды қағып кетуі, салыстырмалы түрде, көбірек. Әсіресе, түнгі уақытта. Жыл басынан бері 6 оқиға тіркелген.
– Жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында полиция қызметкерлері және прокуратура жергілікті атқарушы органмен бірлесіп шара қолдануда. Халыққа түлігіннің мойынына жарық шағылыстыратын жіп тағу керегі түсіндіріліп жатыр, – делінген Полиция департаментінің баспасөз ақпаратында.
Айта кетейік, ауданда мал басы 350 мыңдай екен.