Семейде жыл басынан бері үй жануарларының кесірінен сегіз жол-көлік оқиғасы тіркелді
Семейде жыл басынан бері үй жануарларының кесірінен сегіз жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы Семей полиция басқармасы мәлім етті.
Мамандардың дерегіне сүйенсек, Семей аумағында 377 шаруақожалығы бар, онда 158 926 сиыр, 29 071 жылқы бар. Үй жануарларына қатысты он айдың ішінде 72 әкімшілік хаттама толтырылған. Осыған байланысты полицейлер мал асырап отырған шаруақожалықтарына түлігіннің мойынына жарық шағылыстыратын жіп тағу керегін айтты.
Оқи отырыңыз