KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Нан қымбаттай ма? Министрлік жауап берді

30.09.2019, 11:05 129

Мамандар біраз күн бұрын ауа райына байланысты егін жинау науқаны өте қиын жағдайда өтіп жатқанын айтқан болатын. Осыған байланысты нан бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Министрлік жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Нан бағасы әзірге тұрақты. Әлеуметтік нан бағасы 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Астық бағасы көтерілген жағдайда, әкімдіктер мен азық-түлік корпорациясының тұрақтандыру қорлары іске кіріседі. Қазірдің өзінде әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып жатыр. Нан бағасы өссе де, айтарлықтай өспейді. Ал әлеуметтік нан бағасы бұрынғыша қала береді. Әлеуметтік нанға байланысты мәселе көріп тұрғанымыз жоқ, – дейді Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу