KZ
Өскемен
-32°
плотный туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

«Көгілдір шығанақты» ластап жатқан кәріз құбыры жабылды

11.10.2019, 11:36 581

«Көгілдір шығанақты» ластап жатқан кәріз құбыры жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан бірер ай бұрын «Көгілдір шығанаққа» құйылып жатқан кәріз суының бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Елдің қызу талқысына түскен мәселені біздің редакциядағылар да жазған еді. Бүгінде сол мәселе оң шешімін тауыпты.

Аталған жағдайды көзбен көріп, анықтау үшін облыстық экология департаментінің мамандары бірнеше рет барған. Алайда сүзгілер таза болып шыққан көрінеді. Бұдан кейін облыстық прокуратура қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізген. Тұрғындар шағымынан кейін сүңгуірлер ешқандай технологиялық сызбада көрсетілмеген құбыр тауып алыпты. Әзірше бұл мәселенің жай жапсары анықталуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу