KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

«Құны – 64,9 млн теңге». ШҚО-да заңсыз темекі сатпақ болғандар ұсталды

9.10.2020, 08:07 161

Шығыс Қазақстан облысында темекі өнімдерін заңсыз сатпақ болған кәсіпкерлер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей қаласындағы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері акциздік таңбалары жоқ темекі өнімдерінің қоймасын анықтап, заңсыз тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды тапты.

– Қоймадан «Zumerret», «Marble», «Captain Black blue», «Captain Black», «Omega» және «Max 7» маркалы 295 қорап темекі табылды. Заңсыз тауардың құны – 64,9 миллион теңге болады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, – делінген ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив