Өскемен трамвайларында бүгін де жеңілдік!
Трамвай паркі мерекеге орай ұйымдастыратын жеңілдіктерінің желісін үзбеді. Осы жолы мүгедектер күні қарсаңында да игілікті іс-шарасы жалғасты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгін Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар трамваймен тегін жүре алады. Бастысы – жанында құжаттары болса болғаны.
Айта кетейік, мүгедектер күні қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Десе де кәсіпорын жеңілдікті алдын ала ұйымдастыруды жөн көрген екен.
Оқи отырыңыз