Бүгін Халықаралық қарттар күні
Бүгін Халықаралық қарттар күні, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Халықаралық Қарттар күнін 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы белгіледі.
Қазақ қашан да қартын құрметтей білген. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар», «Ауылыңда қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең», «Қарт жүрген жер береке» деген нақылдар осыны аңғартса керек.
Сондай-ақ әр азаматқа қартайған шақта қолдау білдіру – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бір. Сол себепті бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде жасы үлкен жандарға арналған әртүрлі мерекелік шаралар өтеді.
Оқи отырыңыз