KZ
Өскемен
-10°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да банк менеджері клиенттердің 1,6 миллион теңгесін жымқырып кетті

25.09.2019, 05:07 168

Өскеменде банк менеджері клиенттердің шотынан 1,6 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі .

ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы әрекет ету бөлімшесінің қызметкерлері банктің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, клиенттер шотынан қомақты қаржы жымқырған менеджердің қылмысын әшкереледі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында анықталғандай, 27 жастағы менеджер клиенттердің банк карталарының мәліметтер базасына кіріп, өзінің абоненттік нөмірін шоттарға заңсыз тіркеген. Содан кейін «Онлайн банкинг» жүйесін пайдаланып, ақша шешіп алып отырған. Келтірілген шығын сомасы 1,6 миллион теңгеден асып түсті.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу