KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 1 м/с, С
502.57 591.68 6.42

Головкин мамырда шаршы алаңға оралуы мүмкін

2.01.2021, 11:58 1 291

Golden Boy промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

«GGG командасымен бокстағы ең мықты айқас - Головкин — Мунгия жекпе-жегін 2021 жылы өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. Екі боксшы да бұл жекпе-жекке шыққысы келеді», — деді Де ла Хойя.

Оның айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Геннадий Головкин кейінгі жекпе-жегінде Польша боксшысы Камил Шереметаны жеңді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу