KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Кене шақса, қайтпек керек? Алғашқы көмек пен қарапайым әдіс-тәсілдер жайында

7.05.2019, 05:14 252

Кене шақса, қайтпек керек? Алтайньюс тілшісі баяндайды.

 

Қазір кененің «бақытқа кенелер» шағы. Себебі бұл паразит жәндіктер мамыр-маусым айларында көбейе бастайды. Әсіресе тау-тас пен орман-тоғайға баруды жоспарласаңыз, кене шаққан кездегі алғашқы көмек көрсетудің әдістерін біліп жүруіңіз қажет.

 

Ең бірінші ескеретін жайт – кененің шаққаны бірден байқалмайды. Себебі ол шаққан кезде адам денесін ауыртпайтын зат бөледі.

 

Кене шағып алған кезде елді мекенге жақын жерде болсаңыз, шұғыл түрде медициналық пунктіге барыңыз. Мамандар кенені артық қауіп-қатерсіз алып тастайды. Оны денеден ажырату оңай емес. Сондықтан асығыс қадам жасамаған абзал.

 

Дегенмен бірқатар қарапайым әдіс-тәсілдер де бар. Мәселен кенені шығару үшін қарапайым жіпті пайдалануға болады. Ол үшін жәндікті жіппен аса мұқият екі айналыммен ораңыз. Пайда болған ілгекті кененің мойнына байлап, жіптің ұшын бір-біріне жалғап, екі саусақпен айналдыру керек. Асығып, шұғыл қозғалыс жасаудың қажеті жоқ. Бұл – ең қауіпсіз амал.

 

Кенені шығарғаннан кейін шаққан жерге спирт, зеленка немесе йод жағып қойыңыз. Содан соң қолыңызды тазалап жуыңыз.

 

Шығарылған кенені суы бар жабық әйнек ыдысқа салып, зертханаға талдау жасауға апару қажет.

 

Кенелер көбейетін мамыр-маусым айларында саяжайдағы шөпті шауып тастаған дұрыс. Қалың нудың ішіне кірмеңіз, кенені уақытында көру үшін үсті-басыңызды үнемі тексеріп отырыңыз. Ол денеге бірден жабыспайды, әуелі қан тамырларына жақын орынды іздейді. Сондықтан өзіңіздің және басқалардың үстін қарап, киімде өрмелеп жүрген кенені ұстап үлгеруге болады.

 

Табиғат аясында демалып қайтқаннан кейін киімдерді мұқият қараңыз. Кене киімнің қыртыстарында жүруі мүмкін. 

 

Кенені ешқашан қолмен алмаңыз. Мұндайда оның басы денесінен бөлініп кетуі мүмкін. Кененің басы денесінен тыс қозғала береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив