KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Кене шақса, қайтпек керек? Дәрігерлер кеңес берді

27.03.2019, 10:04 516

 

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сүйенсек, елімізде жыл сайын кене шақты деген 8-11 мың адам дәрігерге келіп қаралады. Ал кейбір адамдар қарапайым ғана ережелердің өзін қаперден тыс қалдырады. Оның соңы түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкеліп соғатынын біреу білсе де, біреу білмес. Аталмыш қауіптің алдын алу жолдарын инфекционист, паразитолог дәрігер Рабиға Нүсіпова айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

 Маманның айтуынша, адам үшін кененің шағуы кауіпті емес, кененің сілекейімен қанға түсетін вирустары өте қауіпті.

 

Кене шаққан кезде не істеуге болады?

 

«Кенелердің қауіп төндіру кезеңдері жыл мезгілінің көктем айларынан бастап жаздың соңғы айларына дейін жалғасады. Кененің негізгі қорегі қан болғандықтан ол адам өміріне өте қауіпті. Адам өліміне әкелуі әбден мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңайға түспейді. Сол себепті кене шаққанда алдымен дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Бізде арнайы кене алатын құрал бар. Ол тиквестер деп аталады. Сонымен алып тастаймыз, ауруды жұқтыру кененің қан сору кезінде болады. Яғни, теріден алынған кенелерде вирустардың бар-жоғын анықтау үшін бірінші кезекте зертханаға сараптамаға жіберу керек. Қолыңызда пинцет болмаса, оны жіп ілгегімен немесе оған вазелин жағу керек немесе өсімдік майын құю керек, себебі кене толығымен жабылуы керек. 5 минуттан кейін жіпті тарта бастау керек. Сол кезде 15-20 минут ішінде кене жойылады. Сосын кене шаққан жерді йодпен немесе спиртпен зарарсыздандыру керек».

 

Не істеуге болмайды?

 

Дәрігер халық еміне жүгінбеуге кеңес береді.

– Кенені сығып немесе жарақаттау арқылы теріден шығаруды тіптен ойламаңыз. Олай жасаған жағдайда ондағы вирус бүкіл денеге тарап, жүйке жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, адамның денесінде кене неғұрлым ұзақ болса, аурудың даму қаупі соғұрлым жоғары болады. Дегенмен кене ара емес, бірден тістемейді. Сондықтан уақтылы тексеру көбіне барлық проблеманы жояды. Олар ұшпайды, секірмейді. Сондықтан қорғану үшін ағаштардан, жапырақты тоғайлардан қашқан жөн және жалаң аяқ шөпті баспау керек, – дейді маман.

 

Кенеден қалай қорғану керек? 

 

Инфекционист кенелер түрлі жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктер болғандықтан, одан қорғануға тек кремдердің көмектесе қоймайтынын айтады. Дәрігердің сөзіне қарағанда, бірінші кезекте қыс айларының басында кене энцефалитіне қарсы екпе жасату қажет. Сондай-ақ, дәрігер кенелердің тек таулы аймақтарда жүрмейтінін ескертеді.

 

– Сондықтан көктем, жаз мезгілдерінде, әсіресе, ағаш, шөп көп кездесетін аумақтарда ұзақ уақыт болсаңыз жеңі ұзын киімдерді кию керек. Ал дененің ашық жерлеріне аэрозоль, түрлі кремдерді жағып қою кенеден қорғануға за да болса септігін тигізеді. Шаштың түбіне де арнайы спрейлер жаққан абзал, – деп кеңес берді Нүсіпова.

 

Дәрігердің айтуынша, кене қанды 4-6 күн бойы сорып жүре беруі мүмкін. Себебі кене сілекейінің құрамында оның шаққанын мүлде сездірмейтін сұйық зат болады.

 

Кене шаққанның басты белгілері:

 

 - дененің қалтырауы;

 

- кейде дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтеріледі:

 

- терінің бөртіп қызаруы;

 

- бастың қатты ауыруы;

 

- бұлшықеттің ауыруы;

 

- әлсіздік;

 

- тәбеттің жоқтығы;

 

- тыныс жолдарының қабынуы

 

Бірақ дәрігердің айтуынша, бұл белгілер бірден байқалмауы  да мүмкін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив