KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменнің үздік сантехнигі мен электригі анықталды

14.09.2019, 13:43 110

Өскемен халқы қала күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күндізгі денсаулық акциясы, жатақхананың ашылуы, бал фестивалі сынды алуан шараның түйіні - орталық алаңда концерт басталды.

Ең әуелі шаһардың үздік еңбеккерлері, ұжымдары мен аулалары марапатталды.

Үздік электрик Қадырбек Даутов, үздік сантехник Валерий Королев, үздік дәнекерлеуші Нұрбай Апасов, басқару органдарының үздік шебері Наталья Короткова қала әкімінің марапатына ие болды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 77/1-үйдің ауласы үздік атанды.

Ал үздік басқару органы "Зекаил" пәтер иелері кооперативі болды.

Аздаған уақыттан кейін А'Студио, The Jigits сынды сынды танымал эстрадалық топтар сахна төріне шығады деп күтілуде. Әзірге жиылған жұрт жергілікті өнерпаздармен бірге ән салуда.

Бұдан бөлек фонтан маңайында Serebro, Royal B, Шығыс асханасы сынды мейрамханалар аспаздарының қолынан шыққан түрлі тағамдар саудалануда. Осыған дейін қала әкімі орынбасарының қатысуымен өткен баспасөз жиынында алаңда бұрынғыдай кәуап пен фаст-фуд өнімдері емес, мейрамханалардың тағамдары қалта көтерер бағада саудаланатыны айтылған болатын.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу