KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қалай жүзеге асырылады?

10.09.2019, 11:17 152

Өскемен қаласының тұрғындарына 2 айда көлік құралын тіркеуге қою және тіркеуден шығару қызметі бойынша 12 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтсақ, соңғы екі айда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қала тұрғындарына көлік құралын тіркеуге қою және тіркеуден шығару қызметі бойынша 12298, ал жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша 3922 қызмет түрін көрсеткен.

«ХҚКО тұрғындарға әр алуан электронды қызмет түрлерін ұсынады. Ескеретін жағдай, алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін де мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару міндетті», – дейді филиалдың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру үшін азаматтар egov.kz электронды порталына кіріп келесі қызмет түрлерін таңдауы керек:
- Egov.kz порталынан көлік және коммуникациялар бөліміне өтіңіз;

- Жүргізуші кәулігін алу қызметін таңдаңыз;

- Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасын басыңыз;

- Өтінішті толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз;

- Өтінімге jpeg форматындағы фотосурет пен қолтаңбаңыздың үлгісі бар парақтың скан көшірмесін қоса тіркеңіз;

- Баж төлеу барысында мамандандырылған ХҚО орналасқан ауданға қарасты салық басқармасын таңдаңыз; Жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК құрайды.

- Тиісті баж салығын төлеп, электронды чекті басып шығарыңыз.

Құжат дайын болған сәтте ХҚО-ға келіп келесі құжаттар ұсынылады:

- жеке басты куәландыратын құжат;

- басып шығарылған электронды өтініш;

- ескі жүргізуші куәлігі;

- мемлекеттік баж төлеу туралы басып шығарылған электронды чек.

Естеріңізге салсақ, Өскемен қаласы бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету секторы осы жылдың 1 шілдесінде Сатпаев көшесі 34/2 мекенжайында ашылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив