Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Отбасы» күні қарсаңында байқау жариялады
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Отбасы» күні қарсаңында байқау жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Үздік отбасылық фото" байқауының шарттары оп-оңай. Қандай дейсіз бе? Ендеше оқыңыз, ең алдымен аталмыш оқу орнының инстаграмдағы және фэйсбуктегі парақшаларын тауып, оларға жазыласыз. Хабарлама арқылы отбасыңызбен түскен әдемі суретті жібересіз. Суретіңіз топқа жүктелген соң, астына комментарий қалдыруыңыз керек. Ең көп лүпіл жинаған отбасы, «Отбасылық кәсіби фотосессия» сертификатына ие болады. Байқау қорытындысы 8-ші қыркүйекте шығады.
Айта кетейік, 2013 жылдың 1 наурызында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы Жарлық аясында елімізде жаңа мереке – «Отбасы күні» бекітілді және оны атап өту – қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленген еді.
Қосымша ақпаратты @ekstuuniversity инстаграм парақшасынан біле аласыздар.