Семейде мектеп оқушылары қоқыс жинап жүр
Семейлік жастар қала көшелерінде шашылған қоқыстарды жинап жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала тазалығына алаңдаушылық білдірген – 35-ші мектептің оқушылары. 66 кварталдағы қоқыс шашылған аулаларды жинаған олар, тұрғындарға тазалық сақтайық деп үндеу жолдады. Өз қатарластарының басын қосып жақсы іс бастаған Максимге жасы үлкендер сүйсініп, баталарын беріп жатты.
Жастардың еңбекқорлығына тәнті болған қала әкімі Ермак Сәлімов, инстаграмдағы парақшасына өз разышылығын білдірді.
Оқи отырыңыз