KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды

27.08.2019, 09:15 163

Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Arnapress.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Дәстүрге айналған байқау - Абай, Шәкәрім шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жылдар бойы ұйымдастырылып келеді. Үрдіс биыл да өз жалғасын тапты. Семей жерінде өз облыстарында үздік атанған жүзге жуық үміткер өз бақтарын сынамақ.

Көркемсөз оқу шеберлері алты номинация бойынша байқауға түсетін болады.

 – Бүгін міне Шығысқа да келіп жеттік. Семей бізге өте ұнады. Әдемі қала екен. Ұлы жазушылар мен ақындардың мекеніне келген соң, әр тарихи орынды өз көзімізбен көргіміз келеді. Абай атамыздың шығармаларын бала күнімнен оқып келемін, сол үшін байқауға қатысу мен үшін үлкен мәртебе, – дейді Ақтөбе қаласынан келген үміткер Дариға Нысанкүл.

Республикалық «Абай оқулары» ақын ескерткішіне гүл-шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив