KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Бүгін республикалық Абай оқулары басталды

23.08.2020, 05:37 107

23-25 тамыз аралығында ХХІ Республикалық Абай оқулары онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Байқауға ел өңірлерінен 120 оқушы қатысады. Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан тұрады:

1 номинация – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.
2 номинация – «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
3 номинация – «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.
4 номинация – «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
5 номинация – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
6 номинация – «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив