KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

«Такси» фильміндегі Сами Насери Абайдың өлеңін оқыды (ВИДЕО)

26.08.2019, 05:17 122

ҚазАқпарат – «Такси» фильміндегі ролімен әлемге танымал болған француз актері Сами Насери Абайдың өлеңін өз тілінде оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемге әйгілі «таксистің» видеосы Instagram-дағы«ztb_video» тобының парақшасында жарияланды.

«Барлықтарыңызға сәлем! Мен француз актеры Сами Насеримін», - деп өзін таныстырған актер Мұрагер атты досынан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алғанын айтады.

Осыдан кейін актер «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты Абай өлеңін француз тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының Абай өлеңін оқу бойынша эстафетаны қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін челленджге өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет, білім саласының қызметкерлері, шетелдік дипломаттар, қазақстандық және әлемдік БАҚ өкілдері қосылды. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив