KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жүргізуші куәлігін алу үшін қосымша курстан өту қажет

18.10.2019, 10:07 216

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуге міндеттеледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс"Халық денсаулығы" туралы кодекстің жаңа редакциясында жазылған.

Яғни, көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, арнайы сертификатын алуға тиіс.

-Статистикаға сүйенсек, жол апаты кезінде адамдардың 60 пайызына жуығы алғашқы медициналық көмекті қажет етеді. Ал ондай көмек көрсете алатындар қазір 3-4 пайыздан аспайды, - дейді Елжан Біртанов.

Стандартты курстар еліміздің барлық облыстарында жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация орталықтары және медициналық оқу орындары базасында ұйымдастырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу