ШҚО-да екі аптада 12 адам жол апатынан қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі аптада 12 адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тек соңғы екі апта ішінде облыс көлемінде 12 адам жол-көлік оқиғасының салдарынан қаза тауып, 11 адам жарақат алған. Мәселен 9 тамыз күні Семей қаласында болған жол аптатынан төрт бірдей адам көз жұмды.
Жол апатының басты себебі әлбетте, жол жүру ережелерінің бұзылуы. Осы орайда өңірдегі тәртіп сақшылары «Жолдағы қабылдау» атты акция өткізіп, тұрғындарға жол жүру ережелерін сақтау қажеттілігі туралы баяндап, буклет таратты.
Айта кетейік, акция бастала салысымен полиция қызметкерлері тұрғындардың 400-ден астам өтінішін қарап үлгерген екен.