KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.03 480.38 4.91

Мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмыс істеуі мүмкін

16.08.2019, 11:41 141

Қазақстандағы мектептерде бірыңғай жаңа жұмыс аптасы бекітілмек. Ол бойынша мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмысқа келуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы елордада өткен Тамыз конференциясының барысында айтылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, мектептердің бір бөлігі аптасына бес күн оқу жүйесіне көшіп алған. Алайда мұғалімдер сенбі күні де жұмыс істеуге мәжбүр екен.

- Мұндай үрдіс барлық өңірлерде бар деп айта алмаймыз. Алайда біздің бәріміз де бұл әдіспен алға жылжуымыз керек. Егер мектеп бес күндік жүйеге өтсе, мұғалімдер сенбі күнін өз еркіне қарай пайдалана алады», - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив