KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Өскеменде тағы екі көше ерекше стильде жөнделеді

14.08.2019, 06:14 134

Өскеменде тағы екі көше жаңа стильмен жөнделеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.

– Келесі жылы Новаторов пен Буров көшелері жаңа стильде жөнделеді. Көше бойында жүргіншілерге демалуға жағдай жасалады, – деді аймақ басшысы.

Айтуынша, мұндай идеялар әуелі тұрғындарға ұнамай жатады. Десе де іске асқаннан кейін тамаша деп баға беріледі. Мысал ретінде Самал саябағы мен қазіргі аяқталып қалған Арбатты алуға болады.

– Басында қандай пікірлер айтылды, ал қазір не дейді тұрғындар? Бұл көшелер де тап солар секілді әлі-ақ тамаша болады, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу