KZ
Өскемен
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Қазақстандықтар автожолдың сапасын телефон арқылы анықтайтын болады

8.08.2019, 08:45 81

Қазақстандықтар автожолдың сапасын телефон арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ол үшін смартфондарға арналған ерекше қосымша әзірленіп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.

– Қыркүйек айында жолдарды азаматтық бағалау жүйесін іске қосамыз. Әрбір смартфонды жол сапасының анализаторы ретінде пайдалануға мүмкіндік туады. Біз қазіргі уақытта аталмыш қосымшаны жасап жатырмыз, – деді Данияр Сабырбаев.

Оның айтуынша, аталмыш қосымша жүктелген ұялы телефондар өздігімен жол сапасын анықтайды. Ал смартфондардағы мәліметтер тікелей publicbudget.kz сайтына түсіп отырады.

– Смартфондарда қозғалысты реттейтін акселератор болады.  Ол сіздің әрбір басқан қадамыңызды санай алады. Біз осы датчикті жол сапасын бағалау үшін пайдаланамыз. Ал сіз смартфонды аспаптар панеліне қойып, жүре бересіз. Егер жол жақсы болса, телефон қозғалмай, сол қалпында тұра береді. Егер жол кедір-бұдыр немесе шұңқыр болса, смартфон дірілдеп, аспаптар панелі режимінен ауысып кетеді. Егер жобаға көп адам қатысатын болса, деректерді талдау арқылы жолдардың нақты әрі объективті бағасын анықтай аламыз, – деп түсіндірді Данияр Сабырбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу