Семейде жоғалып кеткен бала атасының үйінен табылды
Семейде жоғалып кеткен бала атасының үйінен табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция бөлімшесіне қала тұрғыны қоңырау шалып, бала жоғалды деп шағымданған. Ата-ананың айтуынша, 9 жастағы ұлдары аулада ойнай тұруға шығып, артынша жоғалып кеткен.
Тәртіп сақшылары көзді ашып жұмғанша балақайдың қайда екенін анықтап үлгерді. Өйткені ойын баласа жоғалмаған. Бар болғаны ойын қуып, әуелі мектеп жаққа жетіп, содан кейін атасы тұратын ауданнан бірақ шыққан көрінеді. Сондай-ақ сол жерде қалуды жөн деп санаса керек.
Семей полициясы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, балақайдың қайда екенін анықтаған аға лейтенант Қайрат Алпысбаев пен Тілек Жепенов.