KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Семейлік жас шахматшы сенсациялық жеңіске жетті

1.08.2019, 04:54 112

Семейлік 16 жастағы шахматшы Арыстан Есенжолов Ресей жерінде өткен жарыста сенсациялық жеңіске жетті. Ресей чемпионатының Гран-приін алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Чемпионатқа 122 шахматшы қатысыпты. Оның ішінде сақа гроссмейстерлер де бар екенін айта кету керек.

Арыстан жарыс барысында 37 жастағы Дмирий Кокарев (ЭЛО 2683), Семен Ханин (ЭЛО 2618), гроссмейстер Алексей Придорожный сынды мықтылардан басым түсті.

– Арыстан біздің талантты шахматшымыз. Оның тәжірибелі ойыншыларды (сырт алаңда ойнап және) жеңіске жеткенін сенсация деп айта аламыз, – дейді елдің балалар мен жасөспірімдер құрамасының бапкері Әнуар Исмағамбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив