KZ
Өскемен
-17°
ясно Штиль
504.6 594.27 6.48

Арыстан саперлер қайтты

31.07.2019, 04:42 165

Арыс қаласын тазартуға әскери тапсырма алған №27943 әскери бөлімі инженерлік-саперлік ротасының жеке құрамы Шығысқа қайтып оралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рота командирінің айтуынша, Арысқа 12 сапер барды. Бейбіт күнде астаң-кестең болған қаланы жарылу қаупі басым заттардан арылтқан оларға мақтау қағазын табыстады.

– Төтенше жағдай болған жерге барып, жарылыс заттарын тазарту – аса қауіпті жұмыс. Біз алғашқы аптада үйінділерді шығардық. Содан соң оқ-дәрі қоймаларын тазарттық. Жүктелген міндетті абыройлы атқарған сіздерге алғыс білдіремін, – деді рота командирі Қанат Тоқтарбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу