KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тамақтанатын орындардың санитарлық жағдайы туралы ақпарат есігіне ілінетін болды

30.07.2019, 09:06 207

Дәмханалар мен мейрамханалардың санитарлық жағдайы туралы қорытындыны есігіне іліп қою туралы ұсынысты Денсаулық сақтау министрлігі қолдап отыр, деп хабарлайды Алтайньсю тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. Бұл шара АҚШ-тың тәжірибесінен алынып отыр. Вице-министрдің айтуынша, бұл бастаманы Денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова ұсыныпты.

- Айнұр Айыпханова маған АҚШ-тағы қоғамдық тамақтану орнының фотосуретін көрсетті. Ол жерде санитарлық жағдай бойынша тексерудің қорытындысын кіре беріс есікке жапсырып қояды. Сондай-ақ, келушілер шағым айта алатын байланыс телефондары да көрсетіледі. Біз бұл идеяны министргі ұсынып, қолдау таптық. Қазір оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, - деп жазда Олжас Әбішев.

Денсаулық сақтау министрлігінің цифровизация кеңсесінде қазір арнайы сайт әзірленіп жатыр. Ол жерде ұялы қосымшаның көмегімен жапсырма қағаздардың түпнұсқа екенін анықтап, қажет болса, шағым айтуға болады. Жаңа жоба екі аптадан кейін дайын болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу