KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

086 және 083 анықтамаларын алудың жолы жеңілдеді. Қалай?

1.08.2019, 04:42 192

Қазақстанда ең маңызды медициналық анықтамаларды алу процедурасы жеңілдетіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

– Бұдан былай жұмысқа орналасу немесе оқуға тапсыру кезінде медициналық тексеруден өту жеңіл әрі жылдам болады. Ондаған маманның кеңесіне жүгініп, кабинеттен-кабинетке жүгірудің еш негізі жоқ, – деді Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова.

 Енді медициналық тексеру тек үш кезеңнен тұрады:

 1) учаскелік терапевт-дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің консультациясы;

2) психиатр-наркологтың консультациясы;

3) флюорография

 – Учаскелік дәрігер қандай да бір ауру болуы мүмкін десе ғана күдікті, қосымша басқа дәрігерлердің тексеруіне жібереді. Бірақ көп жағдайда 086У анықтамасы үшін ондаған дәрігердің  қарауы мен мөртаңбасының қажеті жоқ, –  дейді А.Айыпханова.

 Сондай-ақ көлікті басқару құқығын алу кезінде талап етілетін 083 және қаруды алып жүру құқығына қажет 108 анықтамаларын алу үшін медициналық тексеруден өту процесі де өзгереді.

– Біз екі жағдайды қарастыра отырып, жеті дәрігердің орнына үш маманның ғана кеңесі жеткілікті деп таныдық: терапевт, офтальмолог және психиатр-наркологтың консультациясы. Жаңа өзгерістер Әділет министрлігінде тексеріліп, бір немесе үш айдан соң қолданысқа енгізіледі, –  деп нақтылады Айнұр Айыпханова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив