KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Медициналық анықтамалардың 7 түрінен босатылуымыз мүмкін

19.04.2019, 05:32 278

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды медициналық анықтамалардың 7 түрінен босатуға әзір. Бұл туралы вице-министр Олжас Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұған дейін адамдардан мекен-жай анықтамасы сұралмайтыны жайлы айтылған еді. Енді, міне, келесі кезек денсаулық сақтау саласындағы міндетті анықтамаларға да келіп отыр. Эстафета ішкі істер мен білім және ғылым министрліктеріне берілді.

Денсаулық сақтау министрлігі төмендегі анықтамалардан босатпақ:

-психикалық-неврологиялық мекеменің дәрігерлік есебінде тіркелген/тіркелмегендігіңізді растайтын анықтама;
-наркологиялық мекеменің дәрігерлік есебінде тіркелген/тіркелмегендігіңізді растайтын анықтама;
-туберкулезге қаросы мекеменің  дәрігерлік есебінде тіркелген/тіркелмегендігіңізді растайтын анықтама;
-083;
-086;
-санитарлық кітапша;
-көлiк жүргiзуге рұқсат ретiнде берiлген анықтама.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу